«Қашан тұрмысқа шығасың?» деп сұрайтын»: Назым Қызайбай жеке өмірі жайлы айтты (видео)
Боксшы Назым Қызайбай өзінің жеке өмірі жайында сыр шертті
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері боксшы Назым Қызайбай сайтымыздың тілшісіне берген сұқбатында жеке өмірі жайлы айтып берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Боксшының әкесі Абай Қызабай қызының жетістігінен кейін берген сұқбатында оның отбасылық өмірге де көңіл бөлуі қажет екенін айтқан болатын. Бұл мәселе бойынша Назым Қызайбай өз адамыңды жолықтырған кезде ештеңеге қарамай тұрмысқа шығуға болады деп жауап берді.
Айта кетейік, боксшы Назым Қызайбай Dopmedia.kz тілшісіне көлемді сұқбат беріп, бокстағы қиындықтар, Олимпиададағы жеңісі, жеке өмірі турасында жан-жақты айтты.