«Саутгейт орынынын босатады…»
Англия Ұлттық Құрамасының экс-шабуылшысы Гари Линкер Еуропа Чемпионаты біткеннен кейін құрама бапкерінің ауысу ықтималдығы жайлы өз пікірін білдірді,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Линекер өз кезегінде Ұлттық құрама бапкері ретінде «Челси» және «Эвертон» клубтарының тәлімгері Фрэнк Лэмпордты көреді.
«Бұл турнир Гарет Саутгейт үшін ең соңғы турнир болатынына сенімдімін. Егер ол жеңсе, онда тыныш қана орынын босатып кетеді. Ал, жеңіліс тапса да айтып өткенімдей орынынан кетеді. Мен Фрэнк Лэмпордты көзімнен таса қылмаушы едім. Тактикалық түрде ол жағдайды түсініп тұр. Ойыншылар оны бірден құрметтеп бастайды. Тек бапкерлік мансабында біршама келеңсіздіктер болғаны үшін бағы жанбаған»,-дейді Линекер.
Айта кетейік, Лэмпорд 2023 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін «Челси» футбол клубына бапкерлік еткен болатын.