Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кете ме?
Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде жазба жариялады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кететіні жөнінде тараған ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов құраманың бұрынғы бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге кететіні туралы хабар тарады. Боксшы аталмыш ақпаратты жоққа шығарды.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Париждегі Олимпиада ойындарының ширек финалында өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа есе жіберіп қойған еді.