Ерлер

Футболдан ел чемпионатының бомбардирлер тізімінде кім көш бастап тұр?

Футболдан Қазақстан чемпионаты қарқын ала бастады

Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы және «Ордабасы» клубының ойыншысы Жасурбек Яхшибоев «Шахтер» қақпасына екі гол соғып, Қазақстан чемпионатының сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Қазіргі уақытта Жасурбек Яхшибоевтың есебінде 7 гол бар.

Сұрмергендер тізімінде екінші орынды 6 голмен «Тобол» ойыншысы Ислам Чесноков пен «Қайраттың» футболшысы Жоао Пауло бөлісіп тұр.

Ал 5 гол соғып көзге түскен Валерий Громыко («Қайрат»/«Қайсар»), Максим Самородов («Ақтөбе») және Идрис Умаев («Ақтөбе») тізімнің келесі орындарын иеленген..