Бокс

«Қазақ боксында шешілмеген бірқатар мәселелер бар» – Сатжанов

Қазақстан бокс құрамасының жаңа бапкері қазіргі жағдайға қатысты ойымен бөлісті

Қазақстан бокс құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Қайрат Сатжанов қазіргі қазақ боксында ақсап тұрған мәселелерді атап өтіп, болашақ жоспарымен бөлісті. Бұл туралы DopMedia.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып, хабарлайды. 

Айта кетейік, Олимпиада-2024 ойындарынан кейін Қазақстан бокс федерациясының басшылығы жұмыстан кетіп, жаңа мамандар сайланған болатын.