Футбол

«Түркістан Арена» стадионын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Түркістандағы басты спорт кешенінің жағдай қандай?

Түркістан қаласының басты спорт нысаны – «Түркістан Арена» стадионының реконструкциясы аяқталды, деп Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайта жөндеу жұмыстары аясында стадионның газоны толықтай ауыстырылып, бастапқыда қарастырылмаған жылыту жүйесі орнатылды.

Бұған дейін Түркістанның «Тұран» футбол клубы өз матчтарын Шымкентте өткізіп жүрген еді. Енді түркістандықтар өз ойындарын жаңартылған, заманауи талаптарға сай келетін «Түркістан Арена» стадионында өткізе алады.