Ерлер

Станислав Черчесов: «Интер», «ЦСКА», «Ахмат» клубтары Қазақстан секілді ойнайды

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының ойынын жүйеледі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ресей чемпионатының матчтарын не себепті бақылап жүргенін айтты. Бұл туралы ол Sports.ru сайтына берген сұқбатында айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, «ЦСКА» және бірнеше басқа командалар сол жүйеде ойнайды, сондай-ақ Қазақстан құрамасы да осы жүйеге сүйенеді.

Айта кетейік, 2024 жылдың 3 маусымында Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Оған дейін ол венгриялық «Ференцварош» клубында жұмыс істеген, бірақ 2023 жылдың шілдесінде клубтан кетті.