Футбол

EURO2024: Жасанды интеллект кім жеңімпаз болатынын тапты

Шілденің 9-10 күндері Еуропа Чемпионатының жартылай финал ойындары өтеді. Жасанды интеллект алдағы ойындардың жеңімпаздарын анықтап, финалда қай құрама басым түсетінін оқырмандарға ұсынды,- деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі

Алғашқы болып Испания және Франция құрамалары кездеседі. Турнирдегі жеңіске AI екі құрамаға да тең болжам берді. Соған қарамастан, суперкомпьютер бәрібір де басымдықты  Луис де ла Фуэнте шәкірттеріне артып отыр (Испания – 51% ; Франция- 49%)

Жеңіске жетудің ең аз көрсектіш ықтималдығы- Нидерланды ұлттық құрамасында. Куманның командасын тек 17 пайызға ие болды. Англия құрамасының голландықтардан тек 6 пайызға жоғары көрсеткішпен озып шыға алады.

Қорытындылай келе, жасанды интеллект Еуро-2024 чемпионатының жеңімпазы ретінде Испания ұлттық құрамасын болжады.