Футзал

Жолдастық кездесу шегерілді: «Қазақстан-Аргентина» ойыны қайда өтеді?

Матч 7-ші қыркүйектен 8-ші қыркүйекке ауысты

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем Чемпионатына іріктеу ойындарының алдында өзге мемлекеттермен бірқатар жолдастық кездесулер өткізеді. Соның бірі- Аргентина ұлттық құрамасына қарсы ойын,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Қыркүйектің 7-ші жұлдызына жоспарланған ойын 8-ші қыркүйкке ауыстырылды. Сонымен қатар, «Алматы Аренада» өткізіледі деп шешілген матч енді «Балуан-Шолақ» стадионында өтпекші.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының D тобында жеңіс үшін Испания, Ливия және Жаңа Зеландия мемлекеттерімен бақ сынасады.