Футбол

Назми Грипши: «Астана Аренада» ойнай алмайтынымыз өкінішті»

"Астананың" жаңа ойыншысы клубтың дайындығы жөнінде айтты

«Астана» футбол клубының албаниялық ойыншысы Назми Грипши елордалық командадағы атмосфера, алдағы ойындарға дайындық жөнінде пікір білдірген. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 7 шілдеде «Астана» Лига Кубогы аясында «Каспийді» 5:0 есебімен басым түсті. Елордалық клубтың құрамына жақында қосылған хорватиялық Карло Бартоли мен нигериялық Джеффри Чинеду осы матчта дебют жасады. Ал Назми Грипши бұл ойынға қатысқан жоқ.

25 шілдеде «Астана» Конференция лигасы аясында «Торпедо БелАЗ» (Беларусь) – «Милсами» (Молдова) клубтары арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.