"3 қыз өсіріп отырмын": Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді
Боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған болатын
Әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Ал осы мәселеге қатысты боксшы Жанқош Тұраровтың өзі жауап берді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Telegram желісіндегі "Письма президенту" арнасында Жанқош Тұраровқа қатысты ақпарат жарияланған болатын. Онда спортшының қыз зорлау ісі бойынша күдікке ілінгені көрсетілген.
Ал осыдан кейін боксшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Ол Алматыда өткен бокс кешінде Жапония өкілі Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Сондай-ақ ол WBA Gold белбеуін жеңіп алды.