Футзал

Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы әлем чемпионатына қатыспайды

Талайды жапырған Тайнан енді ұлттық құрамада ойнамайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Тайнан биыл Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетпейді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Тайнанның әлем чемпионатына қатыса алмауы спорттық азаматтық мәселелерімен байланысты. Қазіргі уақытта ФИФА мен УЕФА футболшылардың натурализациясын мұқият тексеріп жатыр және Еуропада спорттық азаматтықты заңсыз алған командалардың зардап шеккен жағдайлары да орын алған.

Кейбір дереккөздердің мәліметіне сүйенетін болсақ, Тайнан болашақта Қазақстан құрамасында ресми матчтарда ойнамайды. 2020 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Тайнан турнирдің үздік бомбардирлерінің қатарында үшінші орынға ие болып, қола бутсыға ие болған.

Ал Эдсон бұл әлем чемпионатына қатыса алмаса да, алдағы уақытта ұлттық құрамада өнер көрсетеді. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына үш натурализацияланған ойыншыны апарады: Игита, Дуглас және Лео. Жалпы кеңейтілген құрамда 21 ойыншы бар, бірақ турнирге тек 14 ойыншы ғана қатыса алады.

Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Қазақстан топтық кезеңде Испания, Ливия және Жаңа Зеландияға қарсы кездесу өткізеді.