Ерлер

Роналду тағы бір рекорд орнатты: бұл жолы YouTube-та жарды

Криштиану Роналду YouTube желісінде өзінің арнасын ашты

Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду YouTube желісінде өзінің арнасын ашып, платформада жаңа рекорд орнатты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

39 жастағы шабуылшы қазіргі таңда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайды. Роналду бір миллион жазылушыны бір сағаттың ішінде жинаған. 

Ал бұрынғы рекорд K-Pop орындаушысы Дженни Кимге тиесілі еді, ол бір миллион жазылушыға жету үшін жеті сағат уақыт жұмсаған.

Роналдудың 21 тамызда құрылған YouTube арнасына қазірдің өзінде 13 миллионға жуық жазылушы тіркелген. Португалиялық футболшы өзінің арнасына 18 видео жариялаған.

Айта кетерлік жайт, Роналдудың Instagram-дағы жазылушыларының саны 636 миллионға жетсе, Facebook-те 170 миллион, ал X (бұрынғы Twitter) платформасында 112,5 миллион жазылушысы бар.