Ерлер

Еурокубоктағы соңғы үміт: "Астана" алғашқы ойында айласын асыра ала ма?

Бүгін "Бранн" – "Астана" матчы өтеді

Бүгін, 22 тамызда "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчында Норвегияның "Бранн" командасымен сырт алаңда кездеседі, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Ойын Норвегияда өтеді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Бұл матчты тікелей эфирде SPORT+ телеарнасынан көруге болады.

Еске сала кетейік, "Астана" биылғы маусымда УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастап өнер көрсетті. Астана клубы алдымен Молдованың "Милсами" және кейін Румынияның "Корвинул" командаларын жеңді.

Норвегиялық "Бранн" клубы да еурокубокты екінші іріктеу кезеңінен бастады. Олар алдымен Нидерландының "Гоу Эхед Иглз" клубын, содан кейін Шотландияның "Сент-Миррен" командасын жеңді.