Спорт журналисі Олимпиадада боксшыны жылатып қойды
Спорт журналисі Аслан Қаженов Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға қатысты оқиғаны ашып айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
"Назымды мен жылатып қойдым. Сол кезде қатты сынға алды. "Аслан, неге жылатасың, ол біздің батыр қызымыз ғой" деді. Кейін Назыммен сөйлестім, ол маған рахмет айтты. "Жеңілдеп қалдым" деді. Неге екенін білмеймін, миымда Назым алтын алатын сияқты болып тұрды. Жеңіліп қалғанын мүлдем қабылдай алмадым. Назым да жеңілгеніне ашуланып тұр. "Назым, осы қолаға қанағаттанып тұрсың ба, әлде "әттеген-айың" бар ма" деп сұраймын. Негізі дұрыс емес сұрақ қой. Ішімнен мен қанағаттанбай тұрмын. Ол да толқып, орамалына көз жасын сүртіп, жылап қалады. Кейін медаль таққаннан кейін кездестік. "Назым, бізге ренжіп жатыр" деп айтып түсіндірдім. Ол да түсініп тұр. Қыздар боксында Назым ғана медаль алып тұр. Батыр қыз ғой нағыз", – деді Аслан Қаженов журналист Назгүл Әмірбекке берген сұқбатында.
Айта кетейік, жартылай финалдық бәсекеден кейін Назым Қызайбай журналистерге сұқбат берді. Осы кезде спорт журналисі Аслан Қаженов сұрақ қойып, боксшыны жылатып алды. Осыдан кейін біршама халық журналисті сынға алған болатын.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)