Футбол

Черчесов Еуро-2024 додасының жеңімпазын атады

Станислав Черчесов Еуропа біріншілігінің басты фаворитін болжады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Match TV арнасына берген сұқбатында Еуро-2024 турнирінде топ жаратын құраманы атады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қазіргі уақытта Еуропа біріншілігінің жартылай финалында ойнайтын құрамалар тізімі белгілі. Алғашқы жұпта Испания мен Франция құрамалары кездессе, екінші жұпта Англия мен Нидерланд құрамалары кім мықтыны анықтайды. Ал Станислав Черчесов Франция құрамасын осы турнирдің чемпиондығынан басты үміткер команда деп есептейді.

Айта кетейік, Испания мен Франция құрамалары арасындағы матч 9 шілдеде сағат 23:50-де басталады. Англия мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойын 10 шілдеде сағат 23:50-де өтеді. Ал ақтық сын 14 шілдеде Берлин қаласында болады.