Футзал

Қазақстан – Тәжікстан футзал құрамалары арасындағы матчты қайдан көруге болады?

Қос құрама арасындағы матчты тікелей эфирде қайдан көруге болады?

Бүгін, 22 тамызда Астанада футзалдан Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Қазақстан – Тәжікстан матчының тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды.