Жаңалықтар

"Құрт, бауырсақ, жент": Көшпенділер ойындарында спортшылар қалай тамақтанады?

Көшпенділер ойындарында түрлі тағамдар ұсынылады

Қыркүйек айында басталатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар мен қонақтар елордадағы 20 қонақүйде орналастырылады, деп Dopmedia.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және өткізу дирекциясының мәліметінше, қатысушылардың күнделікті рационы 4000 ккал-дан кем болмайтындай етіп дайындалған.

Қонақтарға халал талаптарына сәйкес келетін бес түрлі әлем асханасының тағамдары ұсынылады: қазақ, шығыс, еуропалық, жерорта теңізі және азиялық асханалар.

Негізгі мәзірден бөлек, қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарымен де танысады: бауырсақ, құрт, жент және тағы басқа тағамдар ұсынылады.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды теңдестірілген тағамдармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық асханасының байлығын таныстыруды мақсат етіп отыр.