Бокс

Нұрбек Оралбайға жамбылдықтардың атынан +1 көлік

Жамбылдықтар Нұрбек Оралбайға көлік сыйға тартты

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды Жамбыл жұрты ерекше ықыласпен күтіп алып, көлік сыйға тартты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұрбек Оралбай ерекше сән-салтанатпен күтіп алған көпшілікке өз атынан алғыс айтты. 

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалында украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, 2:3 есебімен есе жіберіп қойған еді.