Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға қатысу туралы пікір білдірді
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
"Париж Олимпиадасынан кейін бапкеріммен ақылдаса келе 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадық. Лос-Анджелеске дейін күресе беруді көздеп отырмыз. Парижде алған қола медаль маған шабыт берді. Жарақат, алаңдататындай мәселе жоқ. Денсаулығыма еш шағымым жоқ. Дзюдо – менің жұмысым. Қолдан келгенше келесі Олимпиадаға қатысамыз деген ниеттеміз. Соған аянбай еңбек етіп, жұмысты жалғастырамыз", – деді Ғұсман Қырғызбаев YouTube желісіндегі "Beren live" арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, дзюдодан 66 кг дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)