"Сені қаттырақ сабау керек": боксшының әйелі жантүршігерлік фото жариялады (фото) Фото ашық дереккөзден. Суретте: Дмитрий Биволдың отбасы

Дөп медиа

11 қазан, 2024

591

Дмитрий Биволдың бұрынғы жары тұрмыстық зорлық туралы мәлімдеді

WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина әлеуметтік желіде күйеуінің көрсеткен зорлық-зомбылығы жайлы кадрлар жариялады. Оның айтуынша, Дмитрий Бивол балалардың көзінше оған күш көрсеткен, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Екатеринаның сөзінше, Бивол оған қатысты былай деп айтқан: "Сені қаттырақ сабау керек еді". Бұған қоса, Екатерина жақсы боксшының міндетті түрде жақсы адам, күйеу немесе әке бола бермейтінін атап өтті:

"Балаларым бәрін көрді, сол сәтте олардың әкесіне деген сенімі шайқалды. Соңғы екі айда ол балалармен қарым-қатынас жасаудан бас тартты, сол арқылы өз бейнесін толығымен бұзды", - деді Екатерина

Екатерина қазіргі қоғамда алимент үшін күресудің өзі көптеген адамға ақылға қонымсыз көрінетінін атап өтті, ал ол бұдан бөлек, өзінің құқықтары мен принциптері үшін де күресіп жүргенін мәлімдеді.

2023 жылдың маусым айында ресми түрде ажырасқан ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы үзілгеннен бері Екатерина жұрт алдында алимент көлемін арттыруға тырысып келеді. 

 

    Көп оқылды: