"Манчестер Сити" мен "Арсеналдың" жұлдыздары Алматыға келе ме? DARREN STAPLES/AFP via Getty Images. Суретте: Эрлинг Холанд

Норвегия Ұлттар лигасы матчтарына баратын құрамын жариялады

Футболдан Норвегия ұлттық құрамасының ресми сайтында команданың Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Аустрияға қарсы матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімі жарияланды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Норвегия құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Матиас Дюнгеланн («Бранн»), Эрьян Нюланн («Севилья», Испания), Эгил Селвик («Хёугесунн»).

Қорғаушылар: Кристофер Айер («Брентфорд», Англия), Фредрик Бьёркан («Будё-Глимт»), Йеспер Даланн («Кардифф Сити», Англия), Андреас Ханче-Ольсен («Майнц 05», Германия), Юлиан Рюэрсон («Боруссия» Дортмунд, Германия), Фредрик Шёвольд («Будё-Глимт»), Давид Мёллер Вольфе (АЗ, Нидерланды), Лео Эстигор («Ренн», Франция).

Жартылай қорғаушылар: Патрик Берг («Будё-Глимт»), Сандер Берге («Фулхэм», Англия), Арон Дённум («Тулуза», Франция), Феликс Хорн Мюре («Бранн»), Антонио Нуса («РБ Лейпциг», Германия), Осаме Сахрауи («Лилль», Франция), Кристиан Торстведт («Сассуоло», Италия), Мортен Торсбю («Дженоа», Италия), Мартин Эдегор («Арсенал», Англия).

Шабуылшылар: Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») Йёрген Странн Ларсен («Вулверхэмптон», Англия) Александер Сёрлот («Атлетико», Испания).

Айта кетейік, Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Норвегия матчы 6 қыркүйекте Алматыда өтеді.