Черчесов: «Алғаш рет 19 жасында көрдім»
Станислав Черчесов қазақстандық футболшының ойынына баға берді
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ресейлік «Зенит» футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің ойыны туралы пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Матч ТВ телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Әліпті алғаш рет Түркияда көрдім. Ол 18 жаста еді. Бірден оған назар аудардым. Осы жылы Нұралы көп матч өткізді. Әліп Ресей кубогының ақтық ойынында гол салды. Осы маусымда ол жиі ойнайды деп үміттенемін. Десе де «Зениттің» негізгі құрамында үлкен бәсекелестік бар», – деді Черчесов.
Айта кетейік, Нұралы Әліп 5 шілдеде өткен матчта жаппай төбелеске қатысып, алаңнан қуылған еді.