Аргентина ойыншыларын төбелеске шақырған Нұралы Әліп (ВИДЕО)

Төбелестен кейін «Зенит» жеңіске жетті.

5 шілде күні Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өткен Жазғы кубок матчында ресейлік "Зенит" пен аргентиналық "Тальерес" командалары кездесті. "Зенит" командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың 65-ші минутында "Зениттің" шабуылшысы Густаво Мантуан пенальтиді дәл орындап, гол соқты. "Тальерестің" жартылай қорғаушысы Рубен Ботта төреші Кирилл Левниковтың шешіміне наразылығын білдіргені үшін алаңнан қуылды.

Жазғы кубок матчының соңында ойыншылар арасында жаппай төбелес орын алды. Төреші Кирилл Левников үш футболшыны, соның ішінде "Зениттің" қорғаушысы Нұралы Әліпті алаңнан қуып, ойынды бірнеше минут бұрын аяқтады.