Қазақстандық спортшы Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды Нұрғали Жұмағазы. Суретте: Давид Дегтярев

Сүйінші, ағайын! Паралимпиадада екі мәрте топ жарды

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен қазақстандық Давид Дегтярев топ жарды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бүгін, 4 қыркүйекте Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы финалдық бәсеке өтті. Ақтық кезеңде 10 спортшы өзара мықтыны анықтады. Ел намысын финалда қорғаған Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды