Қылмысты жасады деген күдік бойынша сот жеті адамды 2 ай мерзімге қамаған.
Алматы облысының прокуратурасы 2024 жылдың 4 қазаны күні адам қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Дереккөзге сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдік бойынша сот жеті адамды 2 ай мерзімге қамаған.
«Біз жағдайды толық анықтап, кінәлілердің бәрін жауапқа тартатындай обьективті тергеу жүретініне кепілдік береміз. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен босататындай ешқандай әрекет болмайтынына сендіреміз. Тергеуге көмектесетін ақпарат білсеңіз, прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз», - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанында Алматы облысы Талғар деген шағын қалада марқұм Шерзаттың әкесі мен анасы жалдап отырған дүкенге бір жігіт келген. Ол сыра алып, оның ақшасын төлегісі келмей, жанжал тудырған. Видеодағы жігіттің інісі мен ұлы, яғни, Шерзат бұзақыны тыныштандырып, сыртқа шығармақ болған. Сол сәтте ол бір топ досын шақырып, төбелес шығарған. Суыт қару асынған күдіктілер баланы анасының көзінше пышақтап кеткен.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)