Ол финалда айқын жеңіске қол жеткізді
Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Ризабек Айтмұхан финалда сынға түсті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта бақ сынаған Ризабек Айтмұхан финалдық бәсекеде әзірбайжандық Хетаг Карсановпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық балуан қарсыласын 10:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстанның еркін күрес тарихында әлем чемпионы дәрежесіне жеткен тұңғыш балуан атанды.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?