Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов пікір білдірді
Кеше түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Аустрия құрамасына қарсы ойын өткізді. Матч қарсылас команданың пайдасына 0:4 есебімен аяқталған еді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
"Матч 0:4 есебімен аяқталғаны түсінікті. Словенияға қарсы ойыннан қарағанда бұл ойынымызға көңілім толды. Бүгін комбинацияларымыз жақсы болды, әрі ұқыпты ойын көрсеттік. Өз қателігімізден қақпамызға 3 гол жіберіп алғанымыз бір бөлек. Бірінші таймда бір нәрсе өзгертуге де болушы еді. Ең қуантатыны – бүгін құрама сапында жаңа ойыншылар өз бақтарын сынап көрді. Нақты жоспар бойынша нәтиже көрсету керек: командамен жұмыс, селекциямен жұмыс, нәтиже дегендей",- деді бас бапкер.
Айта кетейік, ұлттық құрама 13-ші қазан күні Словенияға қарсы ойын өткізеді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?