Ол Париж Олимпиадасына қатысқан еді
Әуесқой бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қазақстандық былғары қолғап шеберінің сүйіп қосылған жары – Назым есімді ару. Кеше, 7 қыркүйекте Махмұд жарын ұзатып алып кетті. Ұзату тойы Шымкент қаласында өткен.
Әлеуметтік желіде екі жасты құттықтап жатқан достары өз тілектерін жеткізіп, фото-видеоларын жүктеп жатыр.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 57 кг дейінгі салмақта бақ сынап, алғашқы айналымда испаниялық Хосе Кильестен жеңіліп қалған еді.