Күрес

Қазақ балуандары Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығуын өткізеді

Олимпиада қарсаңында қазақ балуандары дайындықтарын пысықтап жатыр

Еркін күрестен Қазақстан командасы Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

21 шілдеде Алматы облысында орналасқан Олимпиадаға даярлау орталығында еліміздің командасы төртжылдықтың байрақты бәсекесінің алдындағы соңғы дайындық межесін артта қалдырады. Осы жаттығу жиынынан кейін қазақ балуандары Парижге жол тартады. 

Айта кетейік, еркін күрестен еліміздің қоржынында 4 жолдама бар. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг) және Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) квота иеленген. 

Сондайқ-ақ 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мейрамбек Қартбайдың да Олимпиадаға баратынын жазған болатынбыз.