Әлем чемпионы Ризабектің ауылында асфальт жоқ Ersin Siyhan/Anadolu Agency via Getty Images

Ауылдастары облыс әкіміне наразы

7 қыркүйекте еркін күрестен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында Испанияда өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген Ризабек Айтмұханның жерлестері жол мәселесінің үлкен проблема екенін айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz

7 қыркүйекте балуан Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ал 8 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Facebook желісіндегі ресми парақшасында спортшыны құттықтады.

"СҚО тумасы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Ризабекті маңызды жеңісімен құттықтаймын. Келесі Олимпиадаға қатысуға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорттық жетістіктер тілеймін", – деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ал осы құттықтау жазбаның астына Нурлан Каримов есімді желі қолданушысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке сауал жолдады.