Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті? Көшпенділер ойындарының дирекциясы

Кеше спортшылар тоғыз сайыс түрінен сынға түсті.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төртінші жарыс күні аяқталды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Бүгін спортшылар тоғыз  сайыс түрінен сынға түсті. Атап айтқанда, жамбы ату, рowerful nomad – алыптар сайысы, көкпардан жартылай финалдық ойын, дәстүрлі садақ ату, қырғыз күресі алыш, арқан тартыс және асық ату мен тоғызқұмалақ сайысының финалдық кезеңі өтті.

11 қыркүйек күні ипподром маңындағы этноауылда «Жамбы» стиліндегі жамбы ату сайысы өтті.  

Жарыс жеңімпаздары:

1-орын - ТэРи Гун (Қытай)

2 - орын - Батыр Бексауыт (Қазақстан)

3 - орын Далох Самал (Тайланд)

Сондай-ақ, этноауылда абсолютті салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында рowerful nomad – алыптар сайысының квалификациясы мен финалы болып өтті. Жүлделі орын алғандар:

1 – Азамат Мақұлбеков (Қазақстан)

2 – Реза Гейтаси (Иран)

3 – Денис Вагапов (Ресей)

 «Қазанат» ипподромында өткен көкпар сайысында Қазақстан құрамасы Ресей көкпаршыларынан 18:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық шабандоздардың келесі қарсыласы – Қырғызстан командасы.

Көкбөрі сайысында Қазақстан мен Түркия, сондай-ақ, Қырғызстан мен Ресей командалары күш сынасты. Алғашқы бәсекеде Қазақтандық спортшылар 15:1 есебімен  жеңіске жетсе, екінші сайыста  11: 6 есебімен қырғызстандық шабандоздар озық шықты. Осы екі команда енді  финалда бақ сынайды.

 «Арғымақ» спорт алаңында дәстүрлі садақ ату жарыстары жалғасуда. Кеше спортшылар «Жамбы» стиліндегі дәстүрлі садақ атудан сынға түсті.

Ерлер арасындаға жүлделі орындар:

1.Алин Михай Тудоран (Румыния)

2. Гафур Рахмангулов (Ресей)

3. Бақберген Сәлімов (Қазақстан)

3. Жәнібек Құлмырзаев (Қазақстан)

Әйелдер арасында:

1. Айсегуль Демирбаг (Түркия)

2.Хуньине д-р Домокос (Венгрия)

3. Рено Сури (Индонезия)

3. Анна Алексеева (Ресей)

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қырғыз күресі Алыштан ерлер мен әйелдер арасында 6 түрлі салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтті. Бүгін әлемнің 35 елінен 12 салмақ категориясында келген 192 спортшының арасынан ең мықтылар анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлделі орындар нәтижесі:

Әйелдер

-55 кг

1. Фарангиз Абдунабиева (Өзбекстан)

2. Алена Фатыхова (Ресей)

3. Назерке Әбілтаева (Қазақстан)

3. Анано Моргошия (Грузия)

-60 кг

1. Омолбанин Мохсами (Иран)

2. Муслисахон Ахмедова (Өзбекстан)

3. Рина Су (Қытай)

3. Арайлым Рақыш (Қазақстан)

-65 кг

1. Манзураой Мидинова (Өзбекстан)

2. Нурзат Бактыяр кызы (Қырғызстан)

3. Рогайе Махмуд (Иран)

3. Айнұр Ақжігітова (Қазақстан)

-70 кг

1. Алина Пухова (Ресей)

2. Дилафруз Мамаджонова (Өзбекстан)

3. Динара Камчыбекова (Қырғызстан)

3. Дун Сем Ван (Нидерланды)

-75 кг

1. Дина Гизатулина (Ресей)

2. Перизат Жақыпбекова (Қазақстан)

3. Батсетдег Цогочир (Моңғолия)

3. Сахана Алмамадова (Әзірбайжан)

+75 кг

1. Нагира Сарбашова (Қырғызстан)

2. Хание Ашури (Иран)

3. Замира Кусаева (Ресей)

3. Чаган Цяньдеген (Қытай)

Ерлер

-60 кг

1. Байаман Абидинов (Қырғызстан)

2. Қалмұхан Тұрмаханбет (Қазақстан)

3. Шокухи Мохаммад (Иран)

3. Илфат Миннегалиев (Ресей)

-70 кг

1. Ойбек Султанов (Өзбекстан)

2. Ислам Фалягов (Ресей)

3. Калисбек Каюмов (Қырғызстан)

3. Нұржан Сәрсенғалиев (Қазақстан)

-80 кг

1. Ирлан Казбек уулу (Қырғызстан)

2. Илхомджон Машрабов (Өзбекстан)

3. Артур Зулькарнаев (Ресей)

3. Жасур Мехтиев (Әзірбайжан)

-90 кг

1. Аннагурбан Аллабердиев (Түркіменстан)

2. Хуснидин Рузиев (Өзбекстаг)

3. Азизхан Мусабек уулу (Қырғызстан)

3. Иван Ичизли (Молдова)

-100 кг

1. Нодирбек Ахатжонов (Өзбекстан)

2. Бекбол Нұрланұлы (Қазақстан)

3. Булат Мусин (Ресей)

3. Палван Гурбангельдиев (Түркіменстан)

+100 кг

1. Ранис Гилязетдинов (Ресей)

2. Ливиу Малуда (Румыния)

3. Байкесайлике Айидар (Кытай)

3. Нұрдәулет Жарылғапов (Қазақстан)

 «Алау» мұзайдыны сарайында арқан тартыс сайысы өтті. Әйелдер арасында жеңіске жеткен командалар:

1.Ресей

2.Қазақстан

3.Қырғызстан

Ерлер арасында:

1.Ресей

2.Қазақстан

3.Қырғызстан

11 қыркүйек күні «Алау» мұзайдыны сарайында ерлер арасында асық ату және әйелдер арасында бес асық ойындарының финалдық кезеңі болып өтті.

Ерлер арасында асық атудан  жеңіске жеткен командалар:

1.Қазақстан

2.Қырғызстан

3.Тәжікстан

Әйел арасында бес асық сайысында жеңіске жеткен командалар:

1.Қазақстан

2.Ресей

3.Моңғолия

 «Думан» спорт кешенінде тоғызқұмалақ сайысының финалдық бәсекесі өтті.

Ерлер арасында жеңімпаздар:

1. Бексұлтан Бостандықов (Қазақстан)

2. Дуулатбеков Марлис (Қырғызстан)

3. Ерсұлтан Әуелбай (Қазақстан)

3. Сыргак Уулу Сырттан (Қырғызстан)

Әйелдер арасында:

1. Мөлдір Серікқызы (Қазақстан)

2. Ансаган Қожанәссіп (Қазақстан)

3. Азиза Жамансартова (Қырғызстан)

3. Алтынай Шамбетова (Қырғызстан)

Жеңімпаз командалар:

1. Қазақстан

2. Қырғызстан

3. Моңғолия

3.  Ресей