Футзал

Біржан Оразов ұлттық құрама сапындағы мерейтойлық матчын өткізді

Біржан Оразов ұлттық құрамада алғаш 2017 жылы ойнаған

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Испаниямен өткен әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы турында (1:1) өз мансабындағы 60-шы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Аягөз футбол мектебінің түлегі Біржан Оразов Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет 2017 жылы 6 ақпанда Беларусьпен өткен жолдастық кездесуде (0:1) Алматыда дебют жасады. Өзінің мерейтойлық матчында Оразов Испания қақпасына ХХІ ғасырдағы ең жылдам голды соғып, 5-секундта есеп ашты. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың сапында ол 29 голдың авторы.

Біржан Оразов – 2018 және 2022 жылдардағы Еуропа чемпионаттарының қатысушысы, студенттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисі және Еуро-2022 турнирінің үздік сұрмергені.