100 жылда еңсерілмеген рекордты Оразов 5 секундта бұзды Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images. Суретте: Біржан Оразов

Оның бұл жетістігі ФИФА тарапынан жоғары бағаланды

Футзал Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов ХХІ ғасырдағы ең жылдам голдың авторы атанып, ерекше рекорд жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Біржан Оразовтың Өзбекстандағы әлем чемпионатының бірінші туры аясында Испания қақпасына 5 секундтың ішінде гол соққан еді. Бұл жетістік футзал тарихындағы маңызды оқиға ретінде есте қалады.

"Бар болғаны бес секунд ішінде салынған Оразовтың голы осы жүзжылдықта футзалдан ФИФА әлем чемпионаттарында соғылған ең жылдам гол болды", – делінген ФИФА-ның ресми сайтында. 

Қазақстан құрамасы бұл матчта испандықтармен тең ойнады (1:1). Ойынның күрделілігі Даурен Тұрсағұловтың алаңнан қуылып, қазақстандықтардың екі минут бойы бір ойыншысы кем болған сәтте де көрінді.

Қазақстан құрамасы бұл топ та Испаниядан бөлек Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды.