«Қазақстанның қақпасына соққы жасамай кетпейміз» — Жаңа Зеландия құрамасының бапкері Ашық дереккөзден алынған

Футзалдан Әлем чемпионаты аясында Қазақстан Жаңа Зеландиямен кездеседі

Өзбекстанда футзалдан Әлем Чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы ендігі кезекте жаңа зеландиялықтармен кездеседі,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі ProSports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз Өзбекстанға барғанымызда гол соға алатынымызға сенгендер аз болды. Бірақ Ливияға да, Испанияға да гол соқтық. Үшінші матчта Қазақстан сияқты мықты командаға гол соға алсақ, көңілім тоқ болар еді», - деді Жаңа Зеландия құрамасының бас бапкері. 

Жаңа Зеландия мен Қазақстан құрамалары Ташкентте 21-ші қыркүйек күні кездеседі.