Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді Фото ашық дереккөзден

Көкпаршыларымыз жанкештілікпен жеңіске жетті

Бүгін, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынының финалында кездесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Ақтық бәсекенің бірінші кезеңі 1:3 есебімен қырғыз көкпаршыларының пайдасына шешілген еді. Бірақ екінші кезеңде есеп теңесті (4:4). Ал қосымша уақытта Қазақстан құрамасы бірінші болып салым салып, жеңіске жетті.