Василий Жиров қазір Қазақстанда жүр
Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлік құрамына кіруі туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Василий Жиров YouTube желісіндегі "Голос народа" арнасына берген сұқбатында бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылық құрамына енуге байланысты ұсыныстар болғанын және бұл мәселе өзін ерекше қызықтыратынын айтты.
"Иә, біз бұл туралы сөйлестік, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Әзірге тек қарапайым әңгіме деңгейінде қалып қойды. Бірақ бұл мәселе әлі де қозғалады деп үміттенемін", – деді Василий Жиров.
Василий Жиров қазір Қазақстанда жүр. Бірақ оған Ұлттық Олимпиадалық комитеті немесе министрлік байланысқа шықпады. Дегенмен ол келіссөзге әрқашан дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Василий Жиров 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада топ жарып, алтын медаль жеңіп алған. Ол әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (1993, 1995), Азия чемпионы (1995) атанған. Василий Жиров әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 207 рет жеңіске жетсе, 10 рет жеңіліске ұшыраған.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?