Албаниядағы балуандар бәсекесі: әлем чемпионатына ел намысын кім қорғайды? olympic.kz. Суретте: Нұрқожа Қайпанов

Бозкілемде белдесетін балуандарымыз жүлдеден үмітті

28-31 қазан аралығында Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Аталмыш әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапынан бірқатар балуандар сынға түседі.

Еркін күрес (ерлер):

61 кг: Асыл Айтақын

70 кг: Нұрқожа Қайпанов

79 кг: Дәулет Ергеш

92 кг: Нұрдәулет Бекенов

Әйелдер күресі:

55 кг: Зүлфия Яхьярова

59 кг: Диана Қаюмова

65 кг: Ирина Казюлина

72 кг: Жәмилә Бақбергенова