"Аузын жабатын сәт келді": Қуат Хамитов қарсыласын итеріп жіберді (видео) instagram/kuat__khamitov. Суретте: Нұрберген Шәріпов пен Қуат Хамитов

Ол екі күннен кейін кәсіпқой бокстағы дебютін жасайды

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында қарсыласы Нұрберген Шәріповпен алғашқы көз түйістіру рәсімін өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов арасындағы айқас 28 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінде болады. Бұл кездесу екеуінің де кәсіби бокстағы дебюті болмақ.

Жекпе-жек алдында қарсыластар көз түйістіру рәсімінде бетпе-бет келіп, «Найман» Қуат Хамитов кездесуде қарсыласын итеріп жіберді. Қуат бұл сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялап, «28 қыркүйекте Нұрберген Шәріповтің және оның жанкүйерлерінің аузын жабатын сәт келді» деп жазды.

Кештің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнай рингке шығады.