"Роналдудан мықты, Мессимен тең": Ол кім?
Левандовскидің бір матч ішідегі орташа көрсеткіші 0.79 ұпайды құрайды
Каталондық "Барселона" футбол клубының форварды Роберт Левандовски жалпы ойын алаңындағы көрсеткіш бойынша Криштиану Роналдудан асып, Лионель Мессимен теңесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Opta Jose порталының мәліметінше, Левандовскидің голдарының орташа көрсеткіші 0,79 ұпаймен бағаланады. Лионель Месси де польшалық футболистпен бір тізімде қатар тұр. Жалпы кестеден екі саты төмен Криштиану Роналду мен Руд ван Нистелрой 0,77 ұпаймен жайғасты. Үздік бестікті "Реал Мадридтің" экс-ойыншысы 0,59 ұпаймен Карим Бензема тамамдады.
Тағы да оқыңыз: Саудиялық «Аль-Наср» футбол клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен келісімщарт мерзімін ұзартуға ниетті.