Роналду рекорд шыңына жете ала ма? Футболшының болашағы мәлім Ашық дереккөзден алынған

Криш «Аль-Насрде» тағы біршама уақыт ойнауы мүмкін

Саудиялық «Аль-Наср» футбол клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен келісімщарт мерзімін ұзартуға ниетті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Футболшының қазіргі келісімшартының мерзімі 2025 жылдың 30 маусымында аяқталады. 

Егер, Криш 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болса, онда ол футбол әлемінде әлем чемпионатына алты рет қатарынан қатысқан ойыншы ретінде рекорд жасап, тарихқа енеді. 

Осыған дейін, Криштиану Роналду өнер көрсететін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жаңа бас жаттықтырушыны тағайындағаны жайлы жазған болатынбыз.