Париж-2024 ойындарының қатысушысы өз таңдауын жасады
Бүгін, 6-қазан күні елімізде АЭС-тың салынуына байланысты референдум басталды. Осы орайда спортшыларымыз да белсенділік танытып, ел болашағына қатысты таңдауын жасады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Солардың қатарында Париж-2024 ойындарының қатысушысы, Әлем кубогының күміс жүлдегері Эдуард Ещенко да бар. Ол Талғар ауданына қарасты, Еркін ауылына барып ел болашаы үшін маңызды шешімге өз үлесін қосты.
Айта кетейік, Ещенко Париж Олимпиадасында стенд атудан ерлер арасындағы іріктеу сынында сүрінген болатын.