Футзал

Бразилия құрамасы "арғындардың" сағын сындырды: Әлем чемпионаты немен бітті?

Олар 6 дүркін әлем чемпионы атанған құрама болып танылды

Биыл Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің түкпірінен 24 ұлттық құрама қатысты. Чемпионаттың чемпионы ретінде Бразилия құрамасы танылды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Финалдық кездесу Ташкент қаласында, "Хумо" стадионында өтті. Матч 2:1 есебімен бразилиялықтардың пайдасына аяқталды. Аргентина құрамасының қақпасына Феррао мен Рафа соққы жасап, командаға жеңіс сыйлады. Ал, аргентиналықтардың атынан Матиас Роза көзге түсті. 

Бразилия ұлттық құрамасы футзалдан алтыншы мәрте чемпион атанып отыр. 

Тағы да оқыңыздар: Бокстан асып түспесек те, футзалдан нәтиже көрсеттік: Қазақстан Өзбекстаннан озып кетті