Бокстан асып түспесек те, футзалдан нәтиже көрсеттік: Қазақстан Өзбекстаннан озып кетті Dopmedia.kz

Ұлттық құрама қандай нәтиже көрсетті?

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аргентина командасына есе жібері, ширек финалда жеңіліс тапты. Ойын Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында, "Хумо" стадионында өтіп, қазіргі әлем чемпионатындағы көрермен саны бойынша рекордтық көрсеткіш орнатты,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Ширек финал аясында өткен ойынды тамашалауға – 9357 адам келген екен. Жеңіліспен біткен ойын қазақстандықтардың көңілін түсіргенімен, стадионға келген адам саны бүкіл БАҚ өкілдері мен қонақтарды таң қалдырды. 

Бұл матчқа дейін ең көп көрермен саны (9081 адам)  Өзбекстан және Парагвай құрамаларының дүбірлі додасында тіркелген болатын.