Ол Астанада өткен турнирде топ жарды
Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Астанада өткен халықаралық "Denis Ten Memorial Challenge" V турнирінде медаль жеңіп алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Denis Ten Memorial Challenge – 2024" – күміс медаль. Бұл – биылғы маусымдағы екінші жарыс. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр! Қолдауларыңыз үшін рақмет", - деп жазды Софья Самоделкина Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, Астанада 3-5 қазан аралығында өткен "Denis Ten Memorial Challenge" V халықаралық турниріне 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысты.
Еске сала кетейік, 17 жастағы Софья Самоделкина 2023 жылдың жазында Қазақстан азаматтығын алған. Ал 2024 жылдың мамырында оның Қазақстан құрамасына өтуі ресми түрде мақұлданды.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)