Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?
Жантүршігерлік жағдай орын алған
Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны Мұқан Неғматов өзін танымал спортшының отбасы құлдықта ұстағанын айтып, жантүршігерлік оқиғалары туралы айтып берді, деп Dopmedia.kz тілшісі Malim.kz сайтының мақаласына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұқан есімді жігіт STAN.KZ YouTube арнасына берген сұқбатында Әлфараби деген жігіт пен оның Айша есімді әйелі өзін алдап шақырып, үйінде құлдықта ұстағанын айтады. Ол мұндай қорлық 10 ай 17 күнге созылғанын алға тартты. Бұл аралықта ақысын бермек түгілі, ұрып-соғып, зорлық әрекеттерін де көрсеткен. Енді жәбірленушінің анасы халық пен құқық қорғау органдарынан көмек сұрайды.
Оқи отырыңыз: Шерзаттың әпкесі Президентке үндеу жолдады
Қорлық көрген жігіттің өзі Әлфарабимен танысқанына бірнеше жыл болғанын, тіпті бір кездері бірге пәтер жалдап тұрғанын айтты.
Оның сөзінше, осы жайттан соң ол қашып кеткен. Бірақ айналаның бәрі су болғандықтан, алысқа кете алмапты. Көп ұзамай әлгілер артын қуып жетіп, оны ұрып-соғып, тіпті өзінің қарыз алғаны, енді оны қайтару керектігі жайлы қолхат жаздырып алған. Мұнымен қоймай, видеода да өз еркімен келгені туралы айтқызған.
Осылайша, он ай бойы ол өзін құлдықта ұстаған отбасының малын бағып, шөбін жайғастырып, басқа да ұсақ-түйек шаруасын атқарып келген. Ал оның жұмысы ұнамай қалса, қолына түскен затпен ұрады екен.