Жеңілістен көз ашпаған "Барыс" бапкерімен бірге бастығын да ауыстырып жіберді (фото) hcbarys.kz. Суретте: Борис Иванищев

«Барыс» хоккей клубы директорын ауыстырды

"Барыс" хоккей клубының бас директоры Борис Иванищев қызметінен кетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі SportQory баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Иванищев Борис елордалық хоккей клубының бас директоры болып 2018 жылғы мамыр айында тағайындалған болатын. 

Айта кетейік, Қазіргі уақытта "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының "Шығыс" конференциясының турнирлік кестесінде соңғы 12-орында тұр.