Алматыда Лесбиан құрылтайы өтпекші
Гүлзада Сержан бастаған «Феминита» ұйымы Алматыда Лесбиан құрылтай өткізбекші, деп Dopmedia.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Негізі олар хабарландыруды жазда жасаған. 7-10 қазан күндері Алматыда Лесбиан құрылтай болады деп жар салған. Бірақ бүгін Гүлзада Сержан желіде Алматы әкімдігі кедергі келтіріп жатқанын хабарлады.
Қазіргі кезде 4 қонақ үй мен 1 коворкинг-орталық олардың құрылтайын өткізуден бас тартқан.
«Алматы әкімдігі қара тізім жасаған. Соның ішінде біздің «Феминита» ұйымының өкілдері де бар болып шықты. Біз көшпенділерміз ғой, босаңсымаймыз. Егер ішке кіргізбесе, сыртта өткіземіз. Қазір Алматы қаласының көшелерінде лесбиандар толып жүр. Алматы әкімдігі артық қылам деп тыртық қылды», - дейді ұйымдастырушылар.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)