Қайғылы жағдай болған Талғарда тағы да атыс болды (видео) Фото Malim.kz сайтынан алынды

Дөп медиа

11 қазан, 2024

866

Талғарда тағы да атыс болды

Талғар маңында атыс болып, әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы таралды, деп Dopmedia.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Талғар трактінің маңында орналасқан Тұздыбастау ауылында болған. 

Бұл дерекке қатысты тәртіп сақшылары пікір білдірді. 

Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

"Оқиғаға қатысы бар адамның бәрі ұсталып, полицияға жеткізілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомство өкілдері.