Дастан Рыспеков Ұлытау облысының жаңа әкімі болып тағайындалды
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатқанын жазған болатынбыз. Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылы маусымда Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?